Шпоры по ЕНТ
Главная | Мой профиль | Регистрация | Выход | Вход Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
МЕНЮ
Основное меню Шпоры Ответы на проб/тесты Шпоры на телефон
  • Онлайн игры
  • Опросы
    Вы нашли что хотели?
    Всего ответов: 14
    Статистика
    Счётчик Тиц и PR
    Подьем настроения
    Анекдоты


    Время
    Главная » 2012 » Февраль » 13 » Қазақстанда студенттердің 20%-ы тегін білім алады
    22:38
    Қазақстанда студенттердің 20%-ы тегін білім алады

    АСТАНА. Қаңтардың 19-ы. BNews.kz  - Қазақстанның ЖОО  600 мыңнан астам студент білім алады, деп хабарлайды ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметі. 

     Қазақстан Республикасында 2011/2012 оқу жылының басына 146 жоғары оқу орны (бұдан әрі – ЖОО) жұмыс істеді, ондағы студенттердің жалпы саны 629 507 адамды құрады. ЖОО-ның жалпы санынан 53-і мемлекеттік болып табылады, оларда 311 333 адам оқиды немесе барлық ЖОО турлерінде оқитындардың 49,5%. Студенттердің жалпы санынан  қыздар 58,2 %, жігіттер 41,8%-ды құрайды.

    Мемлекеттік білім гранттарының есебінен 134 036 адам, немесе студенттердің жалпы санынан 21,3 %-ды құрайды, мемлекеттік білім тапсырысының есебінен 11 181 адам немесе 1,8 %, ақылы негізде - 484 290 адам немесе 76,9 % білім алады.

    Студенттердің жалпы санынан 360 894 адам немесе 57,3% оқытудың күндізгі түрі бойынша оқиды, 259 531 адам немесе 41,2% - сырттай, 9 082 немесе 1,4% - кешкі түрі бойынша оқиды.

    Мемлекеттік тілде оқитын студенттердің саны 342 593 адамды құрады. ЖОО-да оқыту қазақ тілінде оқытумен қатар орыс, ағылшын, араб және неміс тілдерінде жүргізіледі.

    2011/2012 оқу жылының басына республиканың ЖОО-да 85-тен астам ұлт өкілдері оқыды. Оқитын қазақтардың үлес салмағы 78,3%, орыстардың - 14,6%, өзбектер, украиндар, татарлардың 0,8-1,5 % шегінде, өзге ұлттар - 3,8% құрады.

    Қаралып отырған оқу жылында оқытуға және дайындауға 197 228 студент қабылданды, бұл 2010/2011 оқу жылына қарағанда 4 329 адамға немесе 2,2%-ға артық.

    2012/2011 оқу жылы бітіріп шыққан білікті мамандар 160 934 адамды құрады бұл 2010/2011 оқу жылымен (161 964 адам) салыстырғанда 0,6%-ға кем. 

    Бакалаврлардың саны 597 040 адамды, жоғары арнайы білім алып жатқандардың саны 31 494 адамды құрайды.

    Республиканың ЖОО-да оқитын студенттердің жалпы санында едәуір үлес салмақ келесі мамандықтарға тиесілі: әлеуметтік ғылымдар және бизнес – 24,7%, педагогикалық мамандықтар - 23% және техникалық ғылымдар және технологиялар - 20,4 %.

    Штатта тұратын профессорлық-оқытушылық құрамның саны 40 531 адам, қоса атқарушылық қызмет бойынша 6 322 оқытушы жұмыс істейді. Профессор-оқытушы қызметкерлердің 9%-ының ғылым докторы, 36,3% - ғылым кандидаты, 6,6% - профессор және 17,8 % - доцент ғылыми дәрежесі бар. Магистрдің академиялық дәрежесі бар оқытушылардың саны 6 057 адам немесе 14,9%, философия докторы  (PhD) – 473 адам немесе 1,2 %.

    ЖОО барлық ғимараттарының жалпы алаңы 5 039,3 мың шаршы метрді, оқу-зертханалық ғимараттардың жалпы алаңы – 2 877,9 мың шаршы метрді құрайды.

    Категория: Новости | Просмотров: 609 | Добавил: NomaD | Теги: Қазақстанда студенттердің 20%-ы тег | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 0
    Имя *:
    Email *:
    Код *:
    Copyright MyCorp © 2024